Еңбек ұжымымен кездесті

Өткен аптада аудан прокуратурасының бастамасымен аудандық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп бөлімінің жəне «Атамекен» ҰКП Ұлытау аудандық филиалының өкілдері Жезді кентінің əкімшілік аумағында орналасқан «Сарыарқа Гранит» ЖШС жəне «Neris» ЖШС кəсіпорындарының ұжымымен кездесті.

Кездесудің басты тақырыбы – қолданыстағы заңнаманы түсіндіру, еңбек дауларын шешуге жəрдемдесу, шағымдар мен өтініштерді шешу, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының толық сақталуы мен лайықты еңбек ақыларын уақытылы алу мəселесі болды.

Сонымен қатар, кездесуде жұмыскерлердің тиісті еңбек жағдайымен қамтамасыз етілуі мен еңбек қауіпсіздігінің сақталуы мəселесі де талқыға салынды.

Кездесуге қатысушы құзырлы орын өкілдері өз кезегінде кəсіпорын ұжымына еңбек құқықтарының бұзылу деректері орын алған жағдайда тиісті уəкілетті органдарға жүгінуге құқылы екендігін түсіндірді.

Мұндай кездесулер аудан аумағында орналасқан өзге де кəсіпорындарда өткізу жоспарлануда.

Досан ДУЛЫҒАЛЫ.