Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді
Облыс әкімі Б.Әбдіғалиұлы мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова өңір активімен кездесу өткізді. Іс-шараға облыстық мәслихат өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен облыс аудандарының әкімдері қатысты.
Жұмыс сапары барысында Министрлік басшысы Жезқазған, Сәтбаев және Ұлытау ауданында көп балалы аналармен, мүмкіндігі шектеулі жандармен, ҮЕҰ өкілдерімен, жұмыс берушілермен және еңбек ұжымдарымен, жастармен кездесулер өткізді. Сонымен қатар Жезқазған мыс балқыту зауытының ұжымымен кездесті.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша
Т. Дүйсенова БАҚ өкілдеріне арналған брифингке қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Министр сондай-ақ Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларының іске асырылу барысы туралы, сондай-ақ ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында көзделген әлеуметтік -еңбек саласын жетілдіру жөніндегі жаңа тәсілдер туралы айтып берді.