Еңбек әулеттері мен Қарағанды кәсіпорындарының жұмыскерлерін «Еңбек жолы» байқауына қатысуға шақырады
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Еңбек жолы» республикалық байқауына өтінімдер қабылдау туралы жариялады. Алдымен жарыстың аймақтық кезеңдері өтеді. Салаға қарамастан барлық меншік нысанындағы ұйымдардың қызметкерлері мен еңбек ұжымдары қатыса алады.
Байқау үш номинация бойынша өткізіледі.
«Үздік еңбек әулеті» санатында ең ұзақ еңбек өтілі бар және ең көп марапаттары бар әулет таңдалады.
«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.
«Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» номинациясы
жұмыс өтілі 20 жылдан кем емес, жоғары тиімді тәлімгер іріктеледі.
Қажетті құжаттар:
1) номинация көрсетілген, еркін нысандағы конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі,
3) номинация тақырыбы бойынша 1-3 минуттан аспайтын бейнеролик (жұмыс орны және дағдылары көрсетілген),
4) конкурсант туралы (жұмысы, отбасы, қызығатын ісі, хоббиі және т. б.) компьютерлік презентация 1-3 минут (Microsoft Power Point форматында),
5) еңбек әулетінің әр өкілінің немесе жұмыскердің жұмыс өтілін растайтын, жұмыс беруші куәландырған еңбек кітапшасының және өзге де құжаттардың көшірмелері/жұмыс орнынан анықтама,
6) жұмыс берушіден немесе кәсіподақтан ұсыным хат,
7) келесідей құжаттар болса, олардың көшірмелері: мемлекеттік немесе ведомстволық наградалар, грамоталар, алғыс хаттар, біліктілікті арттыру туралы сертификаттар.
Конкурсқа құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тілдерінде беруге болады.
Аймақтық және республикалық кезеңдерге қатысу тегін.
Өтінімдерді қабылдау 1 маусымға дейін Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Поспелов көшесі, 16 үй, №10 кабинетте өтеді. Анықтама телефондары: 56-72-27, 30-01-69.