Еңбек ардагерлері дауыс берді
Еңбек ардагерлері Қаражігіт Әбдірахманов пен Жамал Бекмағанбетова Ұлытау аудандық мәдениет үйінде орналасқан №723 референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.
Алғашқылардың қатарында дауыс берген 80 жастың сеңгіріндегі ерлі-зайыптылар – аудандық ауруханада 40 жылдан астам уақыт дәрігер болып қызмет атқарған білікті мамандар.
«Елдің ертеңіне тың әрі жасампаз леп әкелетін бұл саяси науқанның маңызы ерекше. Әр сайлауда өз дауысымымызды беруді азаматтық міндетіміз деп білеміз. Сол әдетімізден бұл жолы да жаңылмадық», – дейді еңбек ардагерлері.
Өз тілшімізден.