Еңбек адамы – қоғам өркендеуінің басты негізі

Еңбек – адамзаттың дамуының, қоғамның өркендеуінің басты негізі. Еңбексіз өмір – мәнсіз өмір. Еңбек арқылы адам өз болмысын қалыптастырып, ұлттың рухын, елдің өркениетін алға сүйрейді. Осы тұста еңбек адамының орны ерекше.

Еңбек адамы – таңның атысынан күннің батысына дейін маңдай терін төгіп, жанын салып жұмыс істейтін адам. Олар – егістікте жер жыртып, егін еккен диқан, құрылыс алаңында үй тұрғызған құрылысшы, шахтада тереңге түсіп кен қазған кенші, малдың соңында тіршілігін жалғаған малшы. Осындай еңбек адамдарының арқасында ел экономикасы дамып, халықтың әл-ауқаты арта түседі.

Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВ,
белсенді жас.