ЕҢБЕК АДАМЫ – ЕЛДІҢ ҚҰТЫ
Қазіргі қоғамда еңбек адамы дегеніміз – ең алдымен өзінің табысын маңдай терімен табатын, жанын салып жұмыс істейтін адамды еңбек адамы деп есептеймін.
Еңбек адамы деген кез келген салада болу керек. Қазақстан Республикасының Президенті, мемлекет басшы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында кәсібилік пен еңбекқорлықтың маңыздылығын ылғи ерекше атап өтеді. Ол еліміздің дамуы үшін еңбекқор және кәсіби мамандар қоғамдағы ең жоғары деңгейде бағалануы керек екенін айтқан болатын. Мемлекет басшысы осындай адамдар елді гүлдендіріп, өркендететінін баса айтты. Мемлекеттің мызғымауы түрлі саладағы жұмысшы табының табысты еңбек етуіне де байланысты. Елдің дамуына жұмысшы мамандардың қосар үлесі зор.
Құндыз АЛИМКУЛОВА,
белсенді жас.