Еңбек адамы – ел тірегі, қоғам арқауы

Еңбек адамы – бұл елдің жүрегі. Қай саланы алсақ та: егін егетін дихан болсын, зауыттағы жұмысшы болсын, құрылысшы, ұстаз, малшы – бәрі ел экономикасының негізін құрайды. Олардың табанды еңбегі мен төзімділігі арқасында бүгінгі тіршілігіміз жүріп жатыр.

Еңбек адамдары көп жағдайда үнсіз, мақтанбайды. Бірақ дәл солардың арқасында күн сайын жарық жанып, жылу беріліп, нан пісіп, жол салынып жатыр. Олар үшін ең үлкен марапат – атқарған ісінің нәтижесін көру, отбасының амандығы, бейбіт аспан астында жұмыс істеу мүмкіндігі.

Сондықтан еңбек адамына тек алғыс айтып қана қоймай, олардың тұрмысын жақсарту, еңбегін әділ бағалау, жағдайын жасау – мемлекет пен қоғам алдындағы маңызды міндеттердің бірі. Еңбектің қадірі артқан жерде ғана шынайы даму болады.

Ғазиз УСКЕНБАЕВ,
зейнеткер.