Еңбек адамы – ел мақтанышы

Дамыған елдер әлдеқашан еңбек арқылы өркениет жолына түскен. Елдің еңсе көтеріп, табысқа жетуі үшін халықтың білімді, өнерпаз, еңбеққор болғаны маңызды.

Ал білім де, өнер де адал еңбекпен келеді. Адал еңбегімен өз кәсібінің шыңына шыққан адамды айналасы ерксіз құрметтейді. Данышпан Абай айтқандай, «Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ – өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды».
Еңбек адамды шынықтырып, мінез — құлқын қалыптастырады. Еңбек етуде адам өзіне тапсырылған іске деген табандылық пен ынта — жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті қалыптастырады. Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіш, еңбекқор және еңбекті бағалай білген адам ғана бақыттың дәмін сезеді. Адам еңбек арқылы тәбиеленіп, нағыз кемел адам болады.

Серік БАЙМАҒАМБЕТОВ,
Ұлытау ауданының қоғамдық кеңесінің төрағасы.