Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде әскери кафедра ашылды

Академик Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде әскери кафедра құрылды. Оқу барысында студенттер теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, жас жауынгер курсынан өте алады. Әскери дайындықтан өтуге ниет білдірген курсанттардың алғашқы жиыны қыркүйек айында өтеді.

Кафедраның басым міндеттерінің бірі студент жастардың бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру болады. Оқытудың негізі далалық жаттығу, ал онда тактикалық-арнайы және арнайы дайындық болады. Курсанттарға қару-жарақ пен әскери техниканы сауатты және тиімді пайдалануға (әскери техникамен танысу әскери бөлімдерде өтеді), бөлімшелерді күрделі жағдайда, ұйымдастыру жұмысы кезінде басқаруға және т. б. үйретеді.

Сабақтар аптасына бір рет «әскери күн» әдісімен өткізіледі, яғни оларға 6 сағаттық базалық және 2 сағаттық өзіндік дайындық кіреді.

Университеттің әскери дайындық кафедрасының қажетті материалдық-техникалық, оқу-әдістемелік базасы және тиісті штаты бар.

Е. А. Бөкетов атындағы ҚарУ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша

Фото университет мұрағатынан алынды