«Дипломмен – ауылға» қатысушылары НЕСИЕЛЕРІН ОТБАСЫ БАНК АРҚЫЛЫ ӨТЕЙДІ

1 мамырдан бастап «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының қатысушылары несиелерін Отбасы банк арқылы өтейтін болады. Сондықтан қазір қазақстандықтарға, «Дипломмен – ауылға» жобасының қатысушыларына, банктің клиенті болып үлгеру маңызды. Егер бұл əрекет жасалмаса, несиені уақытында өтеу мүмкін болмайды жəне несие бойынша төлемді кешіктіру қаупі туындайды.

Банк клиенті болудың бірнеше жолы бар:

— Otbasy bank мобильді қосымшасын жүктеп алып, ағымдағы шот пен депозит ашу;

— ұялы телефоннан 300 нөміріне тегін қоңырау шалу;

— жақын жердегі банк бөлімшесіне немесе кеңес беру орталығына жолығу.

Банк клиенті атанған қазақстандықтарға несие шарттары бойынша еш өзгеріс енгізілмейді, олар заемдарын төлеуді жалғастыра береді.

– Елімізде «Дипломмен – ауылға» жобасы өз жұмысын бастағаннан бері 38 мың қазақстандық бюджеттік несие алған екен. Біз бұл клиенттік базаны бағдарламаның бұрынғы операторынан қабылдадық. Заң бойынша, осы несиелерге қызмет көрсетуді жалғастыру үшін қарыз алушылар Отбасы банкінен ағымдағы шот ашулары қажет. Клиенттерді хабардар етпей, олардың келісімінсіз біз оны өз бетімізше ашуға құқығымыз жоқ. Сондықтан, «Дипломмен – ауылға» жобасының барлық қатысушыларын 2023 жылдың 1 мамырына дейін жеделдетіп, ағымдағы шот ашып, банк клиенті атанып үлгерулерін сұраймыз. Сонда кез келген екінші деңгейлі банктен клиент осы ағымдағы шотты толықтырып, сол арқылы несиесін өтей алады, – деп түсіндірді «Отбасы банк» АҚ Басқарма төрайымының орынбасары Нұрлан Ақшанов.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 1 сəуірінен бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің шешімімен Отбасы банк «Дипломмен – ауылға» жобасының сенімді агенті болып тағайындалды.

Бұл жоба бойынша тұрғын үй сатып алуға немесе салуға несие беру жəне көтерме жəрдемақы төлеу қарастырылған.

Азаматтардың уақытын үнемдеу жəне оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін «Дипломмен – ауылға» жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды.

Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады.

Отбасы банкінің мемлекеттік деректер базасымен интеграциялануы жəне Вlockchain технологиясын қолдануының арқасында азаматтардың түрлі мекемелерге баруын тоқтату мүмкін болды.

«Дипломмен – ауылға» жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы otbasybank.kz порталында тіркелуі жəне ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қоюы қажет.

Бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген жəне онда бірқатар кəсіптер бойынша жұмыс істейтін кез-келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады.

Бұл денсаулық сақтау, білім беру, əлеуметтік қамсыздандыру, мəдениет, спорт, агроөнеркəсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (əкімдер мен əкімдердің орынбасарларын қоспағанда).

Аудандық əкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың əкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дəл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі. Қарыздың ең жоғары сомасы 1500 АЕК-ке дейін, кредит бойынша мөлшерлеме 0,01%- ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%- дан басталады).

Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша 3 жыл жұмыс істеуі керек.

Жəрдемақы мен бюджеттік кредит алуға өтінішті бір мезгілде беруге болады.

«Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша өтінімдерді қабылдаудың басталатын күнін банк қосымша хабарлайды.