Әділетті Қазақстанға бағытталған құқықтық реформа
Еліміздің сот және құқық қорғау жүйелері Әділетті Қазақстан құрудағы қоғамдық сұранысқа сай реформалануда. Соттар, прокуратура, полиция заңды сақтау мен азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша нақты шаралар қабылдауда.
Заң бәріне бірдей, оған барлығы сөзсіз бағынады. Заңнамалық қайшылықтар азаматтардың пайдасына түсіндіріледі. Әрбір адамның ар-намысы, қадір-қасиеті және заңды мүдделері құрметтеледі. Бұл реформалардың басты мақсаты – халықтың мемлекетке, оның сот және құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыру. Сот әділдігі мен заңның үстемдігін қамтамасыз ету арқылы әлеуметтік әділеттілікті орнату – «Әділетті Қазақстан» идеясының өзегі. Сонымен қатар, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғау үшін құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру маңызды.
Маржан БУЛЕГЕНОВА,
белсенді жас.