Әділет министрлігі азаматтарды алаяқтардан сақ болуға шақырды

Соңғы уақытта өздерін сот орындаушысы ретінде таныстырып, министрлік эмблемасын заңсыз пайдаланатындар көбейген.

Алаяқтар шотты бұғаттау, мүлікке тыйым салу сияқты шаралармен қорқытып, «қарызды» тез төлеуді талап етеді.

Министрлік мұндай айла-тәсілдерге сенбеуге кеңес береді.