Әдеп нормаларын сақтау – мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті
Әдеп Кодексі этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша шараларды қамтиды. Мемлекеттік қызметшілердің моральдық – әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді. Мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Мемлекеттік қызметшілер азаматтармен, ұжымда сөз сөйлеуде сыпайылық пен әдептілікті ұстануы қажет.
Мемлекеттік қызметші өзінің әдепсіз мінез-құлқы мемлекеттік аппаратқа деген сенімді бұзатынын түсіне отырып, оған жүгінген азаматтардың әрбір мәселесіне ұқыпты қарап, сапалы шешім қабылдау, заңдылығын және әділдігін қамтамасыз ету қажет. Қазіргі таңда барлық өңірлерде Әдеп жөніндегі кеңестер жұмыс жасайды. Олар өз кезегінде мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларынының бұзушылықтарын ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындыларын, мемлекеттік органдың мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жұмыстарының нәтижелерін қарайды.
«ҚР АШМ АӨК МИК Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі бойынша әдеп жөніндегі уәкіл, мемлекеттік астық инспекциясы бөлімінің басшысы — Мұхамәдиева Жанна Жақсыбайқызы байланыс телефондары 8-7212-42- 52-09, 8-701-365-25-93.
«ҚР АШМ АӨК МИК Ұлытау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.