Әдеп кеңесі – әділет таразысы

Аудан әкімдігінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Бақтияр МАКЕЕВТЫҢ төрағалығымен кент және ауыл әкімдерімен ZOOM платформасы арқылы онлайн жиын өтті.

Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы, Ұлытау ауданы бойынша Әдеп жөніндегі уәкілі Ержан Дәуітбаев ашып, Әдеп туралы аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстары жайында ақпарат берді. Бұдан кейін Бақтияр Мағзұмұлы мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде, жаңадан сайланған кент, ауыл әкімдеріне Әдеп нормаларын ұстау керектігін айтты. Мемлекеттік қызметкерлерге түскен өтініштер бойынша нақты жауап беріп, жаңа мағлұмат берді.

Жиын соңында Бақтияр Макеев аудан әкімдігінің тәртіптік комиссия мүшелерімен кездесіп, бірқатар мәселелермен ой бөлісті.

Өз тілшімізден