Дархан Асәділов ел қоржынына жетінші қоланы салды
Дархан Асәділов каратэден Олимпиада ойындарының финалына шыға алмады. Ол жартылай финалда франциялық Стивен Да Костамен кездескен болатын. Әйтсе де, қарсыласынан басым түсе алмады.
Қос спортшының арасындағы жекпе жек тартысты өтті. Дей тұрғанмен, кездесу франциялық спортшының пайдасына шешілді. Есеп 5:2. Да Коста финалға өтті, ал Дархан Асәділов 3 орынды қанағат тұтты.
Айта кетейік, бұл ел тарихындағы каратэден алған алғашқы Олимпиада жүлде.