Дамуға серпін беретін құжат
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының орны бөлек, өресі биік. Біз бүгін келешегіміз — кемел, ертеңіміз нұрлы ел болсын десек, бұл Жолдауға атүсті қарауға болмайды. Мұнда Президент атап өткен маңызды жақтарының бірі — өмірді жақсарту. Соған қарап, бұл құжаттан ерекше серпілісті байқадым.Жалғыз мен емес, бүкіл Қазақстан халқы байқады деп ойлаймын. Оның себебі, біз қазір бірлескен күшпен ғана заманауи қоғам құра аламыз.
Жаңа Қазақстан құруға «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыла еңбек етуіміз керек. Президент Жолдауында: «Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру — менің Мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, еліміздің орнықты даму, ауқымды əлеуметтік — экономикалық өзгеріс жасауы мүмкін емес. Бұл — анық нəрсе. Біз екі жарым жылдың ішінде осы бағытта нақты нəтижеге қол жеткіздік» деуінің өзінде орамды ой жатыр. Əрқайсымыз бұл құнды құжатта көрсетілген реформалардың ертеңгі жетістігі мен маңызын түсіне білсек, Қазақстан қарыштап алға басқанына куə болатынымызға сенімдімін. Сондықтан, Мемлекет басшысының Жолдауын табысты жүзеге асыру үшін барлығымыз бірігіп, күш жұмсауымыз қажет. Əлеуметтік желідегі қаңқу сөздерге сене беруге болмайды. Президент ұсынған бағыты мен бағдарына тірек болғанымыз жөн. Жолдауда Мемлекет басшысы сайлау өткізудің құқықтық жəне ұйымдастырушылық аспектілерін де алға тартты. Бұл жұмыстың сайлау үдерісі арқылы жүзеге асырылатындығы айтылды. Жалпы айтқанда, осы Жолдау — халыққа жасалатын қамқорлық пен кешенді көмекке толы. Елдегі елеулі өзгерісті көргісі келетін халық пен қарапайым азаматтардың мүдделерін ескеріп, халық үніне құлақ түргені көңіл қуантады.
Ерлан ТАНАБАЕВ,
Ұлытау аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы.