Дала өртінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде
Шілде-тамыз айларындағы аптап ыстық, Ұлытау облысын, оның ішінде Ұлытау ауданында орналасқан бірнеше ауылдық округтерді біраз əбігерге салатыны белгілі. Қазіргі таңда төтенше жағдай департаментінің барлық күш-құралдарының басты назарында, тыйым салынған жерлерде суға түскендерді құтқару жəне далалық ашық алаңда жанған құрғақ шөптерді сөндіруге жұмсалып жатқанын хабарлайды.
Далалық өрттердің тікелей шығу жолдары – шөп шабу науқанының басталғанына байланысты. Аптап ыстық болып, əрі желдің күшеюі жəне де табиғи факторлер де əсер етеді.
Сіздердің назарларыңызға Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 11 ақпандағы №107 бұйрығымен бекітілген «Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіру қағидаларын» ұсынамын.
1. Осы дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіру қағидалары дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттердің алдын алу жəне сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру тəртібін айқындайды.
2. Дала өрттерін, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттерді сөндіруді тиісті аумақтағы жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.
3. Өрттерді байқаған кезде жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік өртке қарсы қызметке хабарлайды жəне өрттерді сөндіруге өртке қарсы ерікті құралымдардың, сондай-ақ «Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік өртке қарсы қызметі бөлімшелері жоқ елді мекендерге өрт сөндіру бекеттерін құру, оларды материалдық-техникалық жарақтандыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы №746 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №9928 болып тіркелген) сəйкес құрылған өрт сөндіру бекеттерінің күштері мен құралдарын тартуды ұйымдастырады.
4. Ерікті өрт сөндірушілерді жинау тəртібі мен оларды өрт орнына жеткізу тəсілін аумақтық Төтенше жағдайлар департаментінің келісімі бойынша өртке қарсы ерікті құралымның басшысы айқындайды.
5. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің күштері мен құралдары келгенге дейін жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақта:
1) өрттер туралы барлық келіп түсетін ақпаратты жедел тексеруді жəне жинауды қамтамасыз етеді; 2) туындаған өрттер, олардың ықтимал таралуы туралы халыққа уақтылы хабар беруді, сондай-ақ олардың салдарын шектеу бойынша қажетті шаралар қабылдауды жүзеге асырады;
3) өрт орнындағы жағдайдың барлық өзгерістері туралы жақын орналасқан мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелеріне уақытылы жедел хабар беруді қамтамасыз етеді;
4) өрттерді сөндіру бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері өрт болған орынға келгеннен кейін өрт сөндіруге басшылық ету өртке қарсы қызмет гарнизонының аға лауазымды тұлғасына жүктеледі.
7. Өрт сөндіру басшысы:
1) өрт сөндіруге қатысатын тартылған өрт сөндіру күштері мен құралдарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) қойылған міндеттердің орындалуына жəне өртті сөндіру бойынша жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді қамтамасыз етуге жауап береді;
3) өрт түрін, оның қарқындылығы мен көлемін, жер бедерін, ағымдағы жəне болжамды ауа-райы жағдайының ерекшеліктерін, өрт сөндіру күштері мен құралдарының бар-жоғын ескере отырып, өрт сөндірудің тактикалық тəсілдерін, əдістері мен амалдарын таңдауды жүзеге асырады;
4) өрт сөндіру бойынша іс-қимылдар жүзеге асырылатын аумақтың шекарасын, көрсетілген іс-қимыл тəртібін белгілейді;
5) қосымша күштер мен құралдарды шақырудың қажеттілігін анықтайды;
6) өрт жағдайының өзгеруін үздіксіз бақылайды жəне тиісті шешім қабылдайды.
8. Өрттің даму жəне оттың кеңінен таралу қаупі төнген кезінде өрт сөндіру басшысы өртті барлау жəне:
1) жану көлемін, жер бедерін, оттың таралу жылдамдығы мен бағытын, өртті сөндіру кезеңінде оның болжамды дамуын;
2) өрт орнына бару, жақындау жəне өртті оқшаулау мен сөндірудің механикаландырылған құралдарын қолдану мүмкіндігін;
3) сумен жабдықтау көздерінің баржоғын;
4) оттың күшею қаупі туындаған жағдайда өрт сөндіруді жүзеге асырушы тұлғалардың кету жолдарын, паналауға мүмкін орындарды;
5) көлік құралдары тұрақтарын, адамдарды орналастырудың қауіпсіз орындарын анықтау үшін қосымша техниканы немесе авиацияны тарту мүмкіндігін ұйымдастырады.
9. Өрттерді сөндіру кезінде жергілікті атқарушы органдар тартылатын күштер мен құралдарды меншік нысанына қарамастан, жанар-жағармай материалдарымен, тамақ өнімдерімен жəне медициналық көмекпен қамтамасыз етеді.
10. Өрттердің алдын алуда жəне жоюда келісілген іс-қимылды жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар аумақтық төтенше жағдайлар департаменттерімен бірлесіп дала өрттерінің, сондай-ақ мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері жоқ елді мекендердегі өрттердің алдын алу жəне сөндіру жөніндегі жыл сайынғы іс-шаралар жоспарларын, сондай-ақ тиісті аумақтарда дала өрттері туындаған жағдайда жер пайдаланушылармен бірлескен іс-қимыл жоспарларын əзірлейді жəне бекітеді.
Ұлытау ауданы ТЖ бөлімі.