Дала өрті өршімесін десек…
Дала өрттері дегеніміз не? Орман және дала өрттері құрғақ ауа райы мен жел кездерінде айтарлықтай үлкен территорияға таралып кетеді. Ыстық ауа райы кездерінде, егер жауын-шашын болмаса далалық шөптер мен орман құрғап, кез келген абайсыз жанған оттың әсерінен өрт тез таралып кетуі мүмкін. Ең өртке қауіпті орман өсімдіктеріне қарағайлы, жапырақты ағаштар, қыналар, ит бүлдіргендер, аршалар және далалық құрғақ шөптер жатады. Құрғақ құмды топырақты жерлердегі ағаштарға, шөптерге өрт ең жиі әрі тез таралады, бірақ оларды өшіру оңайырақ келеді. Қылқан жапырақты ормандардағы түскен жапырақтар, бұталар және құрғақ шөптер қауіпті өрт тудырады. Олар үлкен зардап шектіреді.
Дала өрттерінің шығу факторлері және неден басталады? Ұлытау ауданы бойынша 2021 жылы 91 дала өрті тіркелген. Өрт оқиғаларының туындауы ауа райының қолайсыздығынан, найзағай, күннің ыстық болуынан және қарапайым адам факторларынан болады. Ауданымыздың сұлу да, әсем табиғатын тамашалап, демалуға әр жерлерден демалушылар саны жұма, сенбі, жексенбі күн дері көбейеді. Осы демалушылар қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамай өрттің шығуына бірден-бір себепкер болуы мүмкін.
Темекі тұқылы, сіріңке және ашық отты пайдаланып, оны сөндірмей қараусыз қалдырып кете барамыз. Осының салдарынан жалындаған от шығып, көрік беріп тұрған әсем табиғатымызға орасан зор шығын келеді. Демалуға келген қонақтарға және жергілікті тұрғындарға төмендегі қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін есте сақтауын сұраймыз:
– орман-тоғай және шабындықты жерлерде демалушылар ашық отты пайдалануға қатаң тиым салынады ;
– толық сөнбеген темекі тұқылын, сіріңке қалыңдығын тастауға болмайды; – демалатын орынға шыны ыдыстарды және тағы басқа күнге қызып жануы мүмкін заттарды ашық аумаққа жинап, айналаны ластауға болмайды ;
– орман-тоғай және шабындықты жерлердің ішіне демалушылар автокөліктерінің кіруіне қатаң тиым салынады;
– өрт шыға қалған жағдайда, қарап тұрмай өрттің алдын алуға кірісу керек, қолда бар құрал-саймандармен сөндірулері және өрт сөндіру бөліміне 101,112 телефондарына хабар берулері қажет
. Тілсіз жау – өрт, ортақ жауымыз. Табиғатымызды өрт қаупінен сақтау барлығымыздың ортақ ісіміз.
Серік Мұқыш,
Ұлытау ауданы ТЖ бөлімі инженері, азаматтық қорғау лейтенанты.