Даңғыл жол – даму көрсеткіші
Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында экономиканың өсуіне қатысты бірінші кезектегі басымдықтарды белгіледі.
Ол ел экономикасын қалпына келтіру, саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы реформаларды жалғастыру мәселелеріне тоқталды.
Жолдау халық пен елдің ең маңызды, өзекті проблемаларына жауап беретін ерекше мәнге ие болды.
Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын әлеуметтік әділеттілік, тиімділік және бәсекеге қабілеттілік басымдықтарына негізделген сапалы жаңа вектор мен дамудың жаңа қағидаттарына шығару жөніндегі іс-қимылдың тұтас стратегиясын белгіледі. Жолдау Қазақстанның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын реформалаудың барлық басты бағыттары бойынша нақты тапсырмаларды қамтиды.
Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, Мен бұл Жолдау бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына сенімдімін. Жолдаудың міндеттерін іске асыру Қазақстанның дамуындағы ауқымды серпіліс үшін мүмкіндік болады деп ойлаймын.
Гүлім БАЙМАҒАНБЕТОВА,
әдістемелік-библиографиялық бөлім меңгерушісі.