«ДӘРМЕН» Мобильді қосымшасын пайдаланыңыз!

Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындарына арналған «Дәрмен» деп аталатын тегін әрі тиімді мобильді қосымшасын қосуға кеңес береді. Аталмыш жоба 2019 жылдың көктемінде өз жұмысын бастаған болатын.

Төтенше жағдайлар туралы халықты жылдам құлақтандыру үшін СМС құлақтандырумен қатар тегін мобильдік «Дәрмен» қосымшасы іске қосылған болатын. Жоба отандық компаниямен әзірленген. «Дәрменді» іске қосу үшін Жапония мен АҚШ елдерінің халықты мобильдік қосымша арқылы құлақтандыру тәжірибесі зерделенген.

Аталмыш мобильді қосымша бірнеше секунд ішінде халықты облыс аумағындағы төтенше жағдай қаупі мен туындауы туралы жаппай ақпараттандыруға мүмкіндік береді. «Дәрмен» тәжірибелік пайдаланудан өтті және хабарламаларды жедел жеткізуде бұрыннан қолданылып жатқан СМС құлақтандырумен салыстырғанда аса тиімді екенін көрсетті – дейді сала мамандары.

Сапа бар жерде, сұраныс та бар. Қазіргі уақытта облысымыздың мыңдаған тұрғыны осы қосымшаны жүктеп алған. Тұрғындарға айта кету керек, қосымшаны мобильдік телефондар үшін «App store» және «Play market» арқылы «Дәрмен» атауын енгізіп, жүктеп алуға болады.

Ұлытау ауданы ТЖ бөлімі.