COVID-19: Өткен тәулікте 689 адамнан індет анықталды
Коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия өткен тәуліктегі індеттің таралу статистикасын жариялады. Қарағанды облысында 18 шілде күні 689 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Ел бойынша 5317 адамнан КВИ белгілері анықталған.
Айта кетейік, кеше елімізде 1896 адам сырқатынан сауығып шықты. Олардың 418-і Қарағанды облысының тұрғындары. Жалпы алғанда, бүгінге дейін Қазақстанда 494 222 адам коронавируспен ауырды. Ал, аймағымызда 47953 адамнан сырқат белгілері анықталды.