ҰБТ өткізу мерзімдері өзгертілді

Ұлттық бірыңғай тестілеу 23 және 24 мамырда өтуі тиіс болған.

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша, 23 мамырға тіркелген талапкерлер ҰБТ-ны 25 мамырда тапсырады. Ал 24 мамырға өтініш бергендер үшін тестілеу 1 маусымда өтеді.

Жаңа күндер app.testcenter.kz сайтындағы талапкерлердің жеке кабинетінде көрсетіледі. Қосымша SMS-хабарлама да жолданады.

Биыл 25 мамыр – жексенбіге сәйкес келгендіктен, соңғы қоңырауға арналған салтанатты іс-шаралар мектеп әкімшілігінің шешімімен бір-екі күн бұрын өткізіледі.