Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында ерлер құрамасы 12 медаль алды
Біріккен Араб Әмірліктерінде бокстан жастар арасындағы Азия чемпионаты аяқталды. Ел атынан сынға түскен спортшылар 12 жүлде алды. Оның 8-і алтын медаль.
Байрақты бәсекеде Санжар Тәшкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Әбдіғалым Әбдікерім (57 келі), Ерасыл Ермек (6 келі), Ернұр Сүйінбай (63,5 келі), Абзал Серік (67 келі), Бақберген Әлиасқар (75 келі) және Темірлан Мұқатаев (86 келі) алтыннан алқа тағынды. Ал, 92 келіде өнер көрсеткен Мәди Әміров пен 92+ келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Даниял Сапарбай күміс жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ, Арман Алматұлы (71 келі) мен Дәурен Мамыр (81 келі) қоржынға қола жүлде салды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте топ жарып, 1 орынға тұрақтады. Ал, екінші орында Өзбекстан құрамасы тұр. Олар бұл жарыста 3 алтын, 3 күміс және 1 қола жүлде алған.