«Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы бойынша шағын несие беру қайта жандануда
«Бизнестің жол картасы – 2025» шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде микронесиелендіру субъектілеріне берілген несиелер/микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін екінші деңгейдегі банктерден хабарлама – хаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.
Бағдарламаның негізгі шарттары: айналым қаражатын толықтыруға берілетін несиенің ең жоғары сомасы 2 жылға дейінгі субсидиялау мерзімімен 5 миллион теңгеден аспайды, бұл ретте несие жаңартылмалы және/немесе жаңартылмайтын негізде берілуі мүмкін.
Инвестициялық мақсаттар үшін несиенің максималды сомасы – үш жылға дейінгі субсидиялау кезеңімен 20 миллион теңге. Бір қарыз алушыға шектеу сомасы – 20 миллион теңге. «Даму» қорының кепілдік мөлшері – қарыз сомасының 85% дейін. Ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, салалық шектеулер жоқ.
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 8,5 пайыздық тармаққа өскен негізгі сыйақы мөлшерлемесінен аспайды, оның ішінде 6 пайызын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.
Бұл бағдарлама және кәсіпкерлікті қолдаудың басқа да мемлекеттік бағдарламалары туралы толық ақпаратты damu.kz сайтынан немесе келесі мекен-жайынан білесіздер: Қарағанды қ., Ермеков көш., 29, 2 қабат. Тел. (8-7212) 55-90-20.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалы