«БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ–2025» қайтарымсыз грантқа конкурс жарияланды
2022 жылдың 28 қазаны күні «Ұлытау облысының кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқармасы» ММ «Бизнестің жол картасы–2025» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз грантқа конкурс жариялады.
Конкурстың нысанасы: 2021- 2025 жылдарға арналған кəсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнесидеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сəйкес жас кəсіпкерлерге (29 жасқа дейінгі (қоса алғанда) кəсіпкер) мемлекеттік гранттар беру экономиканың басым секторларында өтеусіз негізде ұсыну.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім беру орны: «Qoldau.KZ» субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы арқылы жүргізіледі.
Өтінімді дайындау, құжаттарды жинау жəне ұсыну мəселелері бойынша консультациялық қолдау алу орыны: «Ұлытау ауданының кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп бөлімі» ММ, пошталық мекенжайы: 101500, Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылы, Абай көшесі 22, электрондық пошта мекенжайы: ulytau_opp@mail. ru; байланыс телефоны: 8 (71035) 21462.
Ұлытау облысы бойынша «Атамекен» ҚР Ұлттық кəсіпкерлер палатасы.
Өтінімдерді ұсыну мерзімі: 2022 жылғы 2 қарашадан бастап 2022 жылғы 9 қарашаға дейін.
Көрсетілген мерзім өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылдауға жатпайды.
Осы хабарландырумен жəне конкурстық құжаттамамен Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісінің ресми сайтында танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/ ulytau-kasipkerlik?lang=kz