Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз 2025» конкурсы туралы
«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі № 177 Жарлығына сәйкес республикада 2025 жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі жыл сайынғы «Парыз» конкурсы өткізіледі.
Конкурстың негізгі маңыздылығы қазақстандықтардың әл – ауқатын жақсарту мен еліміздің дамуына қосқан бизнес құрылымының үлесін, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін елімізде жария ету.
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы төмендегі номинациялар бойынша өткізіледі:
1)«Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» (номинациясында өз персоналын қолдауға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды (еңбекақыны және әлеуметтік төлемдерді төлеуді, еңбекті қорғауды, кадрларды кәсіби даярлау мен қайта даярлау жүйесін ұйымдастыру және тағы басқалар) іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады);
2)«Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» (номинациясында тұтас алғанда қоғамның және атап айтқанда өз ұйымы қызметкерлерінің еңбекті қорғау саласында бағытталған бағдарламаларды іске асыратын үміткерлердің қызметі қаралады);
3)«Үздік ұжымдық шарт» (номинациясында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады);
4)«Экологияға қосқан үлесі үшін» (номинациясында талапкердің корпоративтік әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік ұстанымдардан жоғары нәтежеге жеткен қызметі қаралады);
5) «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» (номинациясында жұмыспен қамтуға және (немесе) халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға ықпал ететін, бизнес іске асыратын әлеуметтік жобалар қаралады).
Конкурс бойынша толық ақпаратты «Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-нен алуға болады, ұялы телефон 8 777 483 1962.
«Парыз 2025» конкурсына өтінімдер 2025 жылдың 1 шілдесіне дейін қағаз және электронды түрде қабылданады.