Биыл мектеп сыртындағы дәретханалар толық жойылады – министр
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, жаңа оқу жылында мектептің сыртында дәретханалар болмауға тиіс. Әкімдіктерге тиісті тапсырма берілген.
«2021 жылы осы мәселесі көтерілгенде мектеп сыртындағы дәретханалар саны 2 700 болған. Бүгінде істелген жұмыс барысында 10 әжетхананың әлі де сыртта орналасқаны анықталып отыр. Бұдан бөлек, тағы да мектеп ішіндегі жылы әжетханалар болғанына қарамастан сырттағы әжетханалардың толық алынбағанын көріп отырмыз. Бұл бағытта жергілікті атқарушы органдарға тиісті тапсырма берілді.