Бірлігіміз жарасқан – Қазақ елі!

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара ауданымыздың орталық алаңында өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Аманжол Мырзабеков, аудандық мәслихаттың төрағасы Ахат Құрмансейітов, еңбек ардагерлі және аудан тұрғындары қатысты.


Ұлытаулықтарды мерекемен ауыл әкімі Талғат Абжаппаров құттықтады.
Іс-шарада жергілікті өнерпаздар өзге ұлт өкілдерінің әндерін айтып, билерін билеп, көпшіліктің ыстық қошеметіне ие болды.


Мереке аясында аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің ұйымдастыруымен сауда-саттық ұйымдастырылды.