Бірлігіміз безбенделер сәт
«Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық филиалының сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмысына сәйкес, сайлаушылармен жүргізілген жұмыстарын саралап, дөңгелек үстел өткізді.
Жиынға штаб мүшелерімен, штаб жанынан құрылған жастар қанаты қатысты. Штаб мүшелері партияның негізгі басымдықтарын айтып, үгіт-насихат жұмыстары туралы әңгімеледі.
Аудандық сайлауалды штабының жетекшісі Жомарт Бегаевтың айтуынша, сайлауға түсіп жатқан үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында 73 кездесу өткізген. Оның арасында онлайн форматында өткізілген кездесулер де бар. Көшпелі кездесу кезінде эпидемиялық ахуалға байланысты қауіпсіздік ережелері толық сақталған. Бір айта кетерлігі, сайлаушылар тарапынан сайлауалды штабқа түскен арыз-шағымдар жоқ. Бұл ретте, штаб жетекшісі сайлаушылармен болған кездесуді дәйекті деректермен жеткізді.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың партияның ХХ съезінде: «Партия қоғамнан келіп түскен ұсыныстарды ескерді. Біздің сайлауалды бағдарламамызды бүкіл ел дайындады деп айтуға болады» деген еді. Шынында да, сайлауалды бағдарламаға қарап отырсақ, қазақстандық қоғам өмірінің барлық салалары қамтылған. Көптің көкейіндегі мәселеге орай жасалған. Білім беруге, денсаулық сақтауға, әлеуметтік қамсыздандыруға, көпбалалы отбасыларды, жастарды, аға буынды қолдауға ұсынылған тармақтары бар. Оның ішінде әр облысқа, қала мен ауданға жеке-жеке бағдарлама жасалған. Сондықтан, бұл сайлауалды бағдарлама бұрынғыдан өзгерек. Алдағы сайлауда өзгешеліктер көп. Оның өткен сайлаулардан айырмашылығы, сайлау алғаш рет партиялық тізім бойынша өткелі отыр. Пропорционалды модель әлемдік демократиялық тәжірибеге сүйеніп, саяси жүйені нығайтуға демократияны дамытуға негізделген. Саяси партиялардың жұмысын күшейтуге мүмкіндік беріп отыр. Ең бастысы, Қазақстан даму кезеңінде еліміздің стратегиялық бағытынан ауытқымай, әлемдік жаңғыру жолын осы бағдарлама аясында жалғастыра алады. Сондықтан, үгіт-насихат жұмысы «Nur Otan» партиясын қолдауға бағытталған іс-шара. Бүгінгі күнге дейін партия мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға бағытталып, бірқатар жұмыстар жүргізілді. Бұл бағытта «Nur Otan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына кандидат Берік Әбдіғалиұлы бастаған әр деңгейлі мәслихаттар депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын таза, әрі ашық жүргізді деп айта аламын. Тіпті, шалғай елді мекендегі фермерлерге де барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп қайтты.
Кездесу барысында үміткерлер ең бірінші, халық үніне құлақ асты. Түйткілді мәселелерді шешуге тырысты. Ұсыныс-өтініштерін есепке алды. Орындауға уәде етті. Соның нәтижесінде, аудан халқы «нұротандықтарға» сеніп, жеңіске жетуіне тілектестік білдірді. Ал, біздің сайлаудың басты ұраны – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!». Бұл ұран қазіргі үлкен сынақ кезінде бірлігімізді сақтап, ынтымағымызды нығайтуға серпін береді. Бізге керегі, ең бірінші – бірлік. Партиямыздың да үш қағидаты – жауапкершілік, партиямыздың бірлігі, ортақ мұраттары мен мақсаттарды ұстану. Осыған сәйкес, ұйымдастырылған үгіт-насихат жұмыстары ұйымшылдықпен ашық диалог түрінде өткізілді. Үгіт жұмысы кезінде үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге 20% және сұрақтарға жауап беруге 80% формуласын ұстанды. Осыған қарап, үгіт-насихат шараларын үміткерлер белсенді түрде жүргізді деп айта аламын, – деді аудандық сайлауалды штаб жетекшісі Ж.Бегаев.
Қайрат ЖҰМАБАЙ
(Материалды жариялау төлемақысы «Nur Otan» партиясы Ұлытау аудандық филиалының қорынан төленді).