Бір ұл, бір қыз дүниеге келді
Ұлытау аудандық ауруханалар бірлестігінің басшысы Жұмаш МҰСАБЕКОВТЫҢ айтуынша, Тәуелсіздік мерекесі күні ауданның екі отбасында туған күн тойы да астасып тойланатын болды.
Дәл 16 желтоқсан күні 18 сағат 10 минутта Терісаққан ауылының тұрғыны Әсем Рысмағамбетова күміс қасықтай қызын туған екен. Болашақ аруымыздың салмағы – 3,200 грамм, бойы – 52 сантиметр көрінеді.
Ал, Жезді кентінің тұрғыны Қымбат Бәкенова аман-есен босанып, өмірге алтын асықтай ұл әкеліпті.,
Батырдың салмағы – 3,300 грамм, бойы – 50 сантиметр. – Тәуелсіздік күні – еліміз үшін қасиетті мереке. Міне, осы мерейлі мереке күні екі нәрестенің дүниеге келгені тұтас ауданымыз үшін үлкен қуаныш. Дәл осы күні енді ауданымыздың екі отбасында туған күн тойы да Тәуелсіздік тойымен астасып тойланатын болды, – дейді Жұмаш Мұсабеков.
Ізтай БЕЛГІБАЙҰЛЫ