Білім саласына — қапысыз қамқорлық

Ел Президенті ҚасымЖомарт Тоқаевтың 1 қыркүйекте Қазақстан халқына жолдаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында жүктелген міндеттер, халықтың көңілінен шығып отыр. Мемлекет басшысы өз Жолдауында осы күзде Тәуелсіз ел болғанына 30 жыл толғалы тұрған Қазақстанның дауына зор ықпал жасайтын жолдарды нақты саралап берді. Әсіресе, Қасым-Жомарт Кемелұлы жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру саласына баса назар аударғаны – өте орынды.

Ол қазіргі жаһандық өзгерістер кезінде, Білім және ғылым министрлігінің алдына оқу бағдарламаларын жаңа жағдайға бейімдеу міндетін жүктеді. Ел Президенті пандемия кезінде қашықтықтан оқытудың нәтижесі ұлттық телекоммуникация желілерінің тиімділігі төмен екенін, соның нәтижесінде қарапайым білім бағдарламасының өзін меңгере алмаған оқушылар санының артып отырғанын айта келе, Үкімет қашықтықтан білім беруге қажетті ақпараттық жүйені жақсартумен мықтап айналысуды тапсырды. Сонымен бірге, дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсетумен қатар, балалардың ұстаздарын да моральдық және материалдық тұрғыдан ынталандыру керек екенін атап өтті. Бұл мақсатқа «Цифрлық ұстаз» білім беру жобасын енгізу арқылы қол жеткізуге болатынын жеткізді. Биылғы қаңтар айынан бастап, білім саласы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға көбейді. «Алдағы үш жылда осы мақсатта тағы 1,2 триллион теңге жұмсаймыз. Қабылданған шаралар жемісін беріп жатыр» деді Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында. Осының бәрі еліміздегі білім саласына Үкімет тарапынан жасалып жатқан қамқорлық деп түсінемін. Ел Президентінің биылғы Жолдауына ауылдық мектептердегі мұғалімдер қауымы дән риза!

 Динара ЕДІЛБАЕВА,

 №7 Сарысу орта мектебінің директоры.