Биік белеске жетудің жолы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Əділетті Қазақстан: заң мен тəртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» тақырыбындағы Жолдауы туралы алуан сипатты пікір білдіруге болады.

Ең бастысы, бұл Жолдау ешкімді де бей-жай қалдырған жоқ. Президент басымдық берген бағыттарын бағамдауға ықыласты болдық. Шынында да Жолдау маңыздылық деңгейімен ерекшеленді.
Мемлекет басшысы алдағы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Осы бір жаңалық қарапайым жұмысшылар қауымын айрықша қуанышқа кенелткендей əсер қалдырды. Ондағы үміт жұмысшы табының жағдайы жақсарар деген ой. Тағы бір көңілге қонымды жағы қаржы –несие саясаты мен фискалды саясаттың өзара үйлесімді болуына, кəсіпті оңтайлы жүргізу мүмкіндіктерін неғұрлым кеңейте түсуге ерекше мəн берді. Əлеуметтік қолдау жүйесіне де жаңаша сипат бере келе, экологиялық ахуалды үнемі бақылауда ұстауға баса көңіл бөлінді.
Мемлекет басшысы Ұлттық қордың рөліне жеке тоқталды. Қордың қаражатын, ең алдымен , мемлекет мүддесі үшін, яғни еліміздің стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру үшін пайдалану керектігін алдыңғы орынға қойды. Жолдауда мұғалімдердің біліктілігін арттыруға жəне əлеуметтік мəртебесін көтеруге де көп көңіл бөлінді. Осы тұста, педагогикалық жоғары оқу орындарына талантты, қабілетті жастарды қабылдау педагогтарға жүктелді. Сондықтан біз Мемлекет басшысының Жолдауына нақты қолдау білдірдік. Жолдауда айқындалған бағыттардың барлығы іске асырылып, болашағымыз жарқын болатынына нық сенеміз.

Əубəкір ƏБДІРАХМАНОВ,
зейнеткер-ұстаз.

ТЕРІСАҚҚАН ауылы.