Берік Уәли: Біздің шешіміміз елдің ертеңі мен болашақ ұрпақтың тағдырын анықтайды
Конституциялық реформа – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асыру үшін қолға алынған маңызды іс-шара. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар азаматтардың сұранысына негізделіп, жалпы қоғамның мүддесін көздейді. Ең бастысы ол өзгерістердің барлығы халықтың талқысына салынып, ой-пікіріне сәйкес референдумда қабылданғалы отыр. Осы орайда Ата заңның қазіргі және жаңа нұсқаларының айырмашылығын түсіну және ұсынылып отырған түзетулердің байыбына бару қарапайым халық үшін оңай емес.
Берік Уәли, «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы