Берік Әбдіғалиұлы Сарысу ауылдық округіне барды

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау ауданының Сарысу ауылдық округінде жұмыс сапарымен болды.

Сапар барысында өңір басшысы Сарысу өзенінің жалпы жағдайымен танысты. Өзен суын Жаңаарқа ауданының 2 кенті мен 6 ауылдық округі, сондай-ақ Ұлытау ауданының 3 ауылдық округі ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін пайдаланады. Бұл нысанда бөгеттер болмағандықтан, су топыраққа түседі. Өзендегі судың мөлшері – көктемгі су тасқынына тікелей байланысты.

Болашақта мұнда өзеннің кейбір салаларын жабатын тоғандар салу жоспарлануда, ауыл шаруашылығы мен балық шаруашылығын дамыту, жерді суару көзделуде.

Сондай-ақ, аймақ басшысына көктемгі су тасқыны жағдайы туралы ақпарат берілді. Бұл аудандағы су тасқыны жағдайы бақылауда.