Берік Әбдіғалиұлы Сәтбаев қаласындағы бірқатар нысанды аралады

Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы Сәтбаевта бірқатар әлеуметтік нысанды аралады.

️ Жұмыс сапарында ең алдымен 14 жасқа дейінгі мүгедек балаларға арналған «Нығмет» ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған күндізгі орталыққа барды. Жыл басынан бері шағын орталықта 40-қа жуық мүмкіндігі шектеулі балаға қызмет көрсетіледі. Мұнда олар терапевтік массаж, иппотератия, физиотерапия, қол терапиясымен қоса, дамыту және оңалтуға қажетті көп процедура түрін алады. Ерекше балалар орталықта күні бойы болады, онда олар тамақтанып, күндіз ұйықтайды.

️ Облыс әкімі «Нығмет» орталығының тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналарын келе жатқан мерекелерімен құттықтап, әр балаға жаңа жылдық сыйлық табыс етті. Сондай-ақ, Б.Әбдіғалиұлы қазіргі уақытта осы орталықты кеңейту мәселесі қарастырылып жатқанын атап өтті.

️ Өңір басшысы Сәтбаев қаласында спорт мектебінің ашылуында болды. Жаңа жекпе-жек мектебі Мұратбаев көшесі, 29 мекенжайында орналасқан.

️ Б.Әбдіғалиұлы балаларға болашақта табыс тілеп, жас каратэшілер мен боксшыларға жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады. Айта кетейік, жекпе-жек мектебіне 200-ге жуық бала жазылды.

️ Облыс әкімі барған тағы бір нысан — Сәтбаев қаласының өндірістік аймағында орналасқан иттерді уақытша ұстауға арналған баспана. Баспана аумағын аралап, Б.Әбдіғалиұлы «Добрые руки» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшыларымен және еріктілерімен кездесті. «Сіздер бұл істің іргесін қалаушысыздар. Сондықтан біз сіздердің тәжірибелеріңізді пайдалануымыз керек. Ал мемлекет тарапынан барлық қажетті көмекті біз сіздерге көрсетеміз», — деді Ұлытау облысының әкімі зооқорғаушыларға