Берік Әбдіғалиұлы облыс тұрғындарын қабылдады

Өңір басшысының қабылдауына бас-аяғы төрт өтініш тіркелген. Азаматтар спорт, халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және білім беру саласы мәселелерімен жазылды.

Өтініш берушілерге қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер беріліп, қажетті кеңестер айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы әр бейсенбі сайын сағат 17:00-ден бастап азаматтарды қабылдайды.
Алдын ала жазылу төмендегідей телефондар арқылы жүзеге асырылады:
8 (7102) 73-56-41, 8 (7102) 73-33-59.