Берік Әбдіғалиұлы Министрлер кабинеті мүшелерімен кездесті

Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы бастаған делегация Министрлер Кабинетінің мүшелерімен бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

️ Атап айтқанда, облыс басшылығы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі М.Қарабаевпен кездесті. Кездесуде өңір үшін логистика тұрғысынан маңызды «Қызылорда-Жезқазған» жолының құрылысы туралы айтылды. Біздің трасса учаскесіндегі жұмыстар ағымдағы жылы басталатыны атап өтілді.

️ Сонымен қатар, Ұлытау облысынан делегация ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі З.Сүлейменовамен кездесті. Сала бойынша орынбасармен және басқармалардың жауапты басшыларымен бірге тараптар Ұлытау облысының неғұрлым өзекті экологиялық проблемаларын, ауыз су мен су айдындарының жай-күйін, сондай-ақ ағымдағы су тасқыны жағдайын талқылады.

️ Сонымен қоса, кездесуде қалалар мен ауылдық елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру бағытында атқарылатын жұмыстар анықталды.

️ Берік Әбдіғалиұлы өңірдегі экологиялық жағдайға ерекше назар аударды. Қазіргі уақытта бұл мәселе күн тәртібінде тұр.