Берік Әбдіғалиұлы өңірдің кәсіпкер әйелдерімен кездесті
Бүгін Ұлытау облысы әкімі Берік Әбдіғалиұлы өңірдің іскер әйелдерімен кездесті. Кездесуге облыс басшылығының өкілдері, Жезқазған, Сәтбаев және Ұлытау ауданынан келген кәсіпкер әйелдер, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының мүшелері қатысты.
Аймақ басшысы Берік Әбдіғалиұлы өз сөзінде өңірдің бизнес ортасын жақсарту және кеңейту жергілікті биліктің негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті.
Өз кезегінде кәсіпкер әйелдер облыс әкіміне қызметтерінің бағыттары туралы айтып, бірқатар өзекті мәселелерді көтерді және болашақ жоспарларымен бөлісті.
Ж️иын қорытындысында аймақ басшысы қоғамның игілігіне бағытталған бастамаларға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.