Берік Әбдіғалиұлы инвесторлармен кездесу өткізді

Ұлытау  облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы ірі трансұлттық компаниялардың өкілдерімен кездесті.

Кездесуде кооперацияның тетіктері мен нысандары қаралды, сондай-ақ облыс әкімдігі мен инвесторлар арасындағы ықтимал ынтымақтастықтың жолдары қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша Ұлытау облысының экономикасын одан әрі әртараптандыруға, сондай-ақ өңір тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды әзірлеу жоспарлары белгіленді.