Берік Әбдіғалиұлы бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді
Бүгін облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен бюджеттік жоспарлау мәселелері жөніндегі алғашқы кеңес өтті. Кеңеске облыс әкімінің орынбасарлары мен облыстық басқармалардың басшылары қатысты.
Отырыс барысында өңір басшысына атқарушы органдардың ағымдағы жылға арналған бюджеттік өтінімдері туралы баяндалды.
Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтіп, Б. Әбдіғалиұлы бюджеттік жоспарлаудың барлық кезеңдерінде шығындарды оңтайландыруға шақырды.
Қорытындылай келе, өңір басшысы жауапты тұлғаларға бюджеттік процесті бақылауды күшейтуді тапсырды.