Батырбек Мырзабеков – Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері
Ұлытау облысының Құрметті азаматы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы, журналист Батырбек Мырзабеков жуырда ғана өзінің онтомдық шығармалар жинағын жарыққа шығарып, оқырманды олжалы еткен еді. Ұлт ұясының тумасы тағы бір мерейлі белесті бағындырып, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері атанды.

Бұл – бүкіл Ұлытау облысы үшін зор мәртебе әрі мақтан тұтар жаңалық. Оның қаламгерлік қабілеті қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына айтарлықтай үлес қосып келеді. Жазушы шығармалары әрдайым жүректерге жол тапты, әдебиет пен журналистикадағы ерекше қолтаңбасы көпшіліктің көңілінен шықты.
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы – бұл тек шығармашылық еңбектің жоғары бағалануы ғана емес, оның ұлт мәдениетіне қосқан өлшеусіз үлесінің айғағы.
Қаламы қарымды тұлғаға тың табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!
«ULYTAU» ақпарат».
