Басылымда – жаңа бас редактор

«Ұлытау аудандық «Ұлытау» газеті редакциясы» ЖШС директорының бұйрығына сәйкес, аудандық «Ұлытау» газетінің Бас редакторы лауазымына Альмира ОСПАН тағайындалды.

Альмира Мақсұтқызы 1991 жылы 26 мамырда Ұлытау ауданы, Ұлытау ауылында дүниеге келген.

2009 жылы №1 Ұлытау орта мектебін «Алтын белгіге» тәмәмдаған. Білімі – жоғары, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған. Біліктілігі – журналист.

«Болашақ» академиясының магистратурасын бітірген, педагогика ғылымдарының магистрі.

Қарағанды облыстық «Саған арнап ән саламын, Атамекен» мүшәйрасының Бас жүлдегері. Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған республикалық эссе жазу байқауының І орын иегері.

Мақалалары облыстық, республикалық басылымдарда жарияланып тұрады.

Еңбек жолын 2013 жылы Ұлытау аудандық «Ұлытау» газеті редакциясында тілші болып бастаған.

2015 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Ұлытау аудандық «Ұлытау» газетінде жауапты хатшы қызметін атқарған.