Басты мақсат — жайлы тұрмыс
Жезді кенті әкімі Серік Есенғалиевтің 2020 жылы атқарған жұмыстары туралы қорытынды есебі
2020 жылдың 1 қаңтарына Жезді кентіндегі тұрғындар саны – 2204 адам, оның ішінде ерлер-1116, әйелдер-1088. 39 сәби дүниеге келсе, 7 адам қайтыс болды. Кент бойынша 1096 адам жұмыспен қамтылған, 243 зейнеткер, 107 мүгедек адам бар.
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша
2020 жылдың 1 желтоқсанына кент бойынша 1604 бас мүйізді ірі қара, оның ішінде шаруа қожалықтарында 220 бас; 3117 бас ұсақ мал, оның ішінде шаруа қожалықтарында — 837 бас; 640 бас жылқы, оның ішінде шаруа қожалықтарында – 131 бас; 640 құс бар.
Кент тұрғындары Б.Базылбеков мал басын көбейту мақсатында республикалық микрокредит беру бағдарламалары арқылы алған қаражатына асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал, ауыл шаруашылық техника (МТЗ 82) сатып алды.
Ветеринария саласы бойынша
Кент бойынша малдарды егіп-емдеу және қан алу жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Түрлі ауруларға (қарасан, сібір жарасы, туберкулез, бруцеллез) қарсы профилактикалық шаралар уақытылы атқарылып отыр. Жыл басынан бері алынған төлдерден-550 бас бұзау, 1434 бас қозы-лақ сырғаланып, базалық дерекқорға енгізілді.
Қаңғыбас иттерді жою бойынша улау әдісімен 30 ит, басқа тәсілдермен 20 ит жойылды.
Кәсіпкерлік саласы бойынша
Жезді кентінде жұмыс істеп тұрған 25 шағын кәсіпкерліктің субъектілері бар. Оның ішінде: кұрылыспен айналысатыны-1, автокөлік жөндеу шеберханасы-2, сауда орындары-16, наубайхана-1, шәйхана-1, тойхана-1, монша-1, дәріхана-1. Ұлытау ауданы әкімі гранты 3 кәсіпкерге беріліп қазіргі уақытта кәсіптерімен айналысуда.
Жеке кәсіпкерлік бағытында Жезді кентінің моншасы халыққа жетісіне 2 күн қызмет көрсетуде. Моншаның билет құны ересек адамдарға-700 теңге, балаларға 350 теңге.
Сәтбаев қаласы мен Жезді кенті аралығына күніне 3 мезгіл автобус қатынайды (билет құны300 теңге). Сонымен қатар күніне 2 мезгіл Жезқазған-Қарсақбай, Жезқазған-Ұлытау бағытындағы автобустар Жезді кентіне соғып өтеді (билет құны 250-300 теңге). Сонымен қатар Жезқазған -Жезді аралығына жүргіншілерді заңды тасымалдаумен айналысатын 1 такси қызмет көрсетеді.
Экономика және қаржы саласы бойынша
- «Жезді кенті ішіндегі көше аралық көлік, адам жүретін жолдарды қыс айларында күтіп ұстау» жұмысына «Фосстис» ЖШС-мен құны 1,0 млн теңге құрайтын шарт жасалды. Жұмыс уақытылы және сапалы орындалды.
- «Жезді кенті көшелерінің жарықтандыру желісіне ағымдағы жөндеу» жұмысына «Горэлектросети» ЖШС-мен құны 7,0 млн құрайтын шарт жасалды. Шарт бойынша кент көшелерінің жарықтандыру желісі светодиодттық шамдарға ауыстырылды.
- «Жезді кентіндегі ҰОС қатысушылары Монументіне ағымдағы жөндеу» жұмысына «Нұрасыл 5» ЖШС-мен құны 6,0 млн құрайтын шарт жасалды. Шарт бойынша Монументте толықтай жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- «Тоқтыбаев көшесіндегі орамаралық су құбырлары жүйесіне ағымдағы жөндеу» жұмысына «Марганец» ЖШС-мен құны 3 млн 520 мың құрайтын шарт жасалды. Жұмыс уақытылы және сапалы орындалды.
- «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша «Абай көшесінің автокөлік жолына орташа жөндеу» жұмысына «Дорстройматериал» ЖШС-мен құны 12 млн 792 мың 605 теңге құрайтын шарт жасалды. Қазіргі күнге фрезалық және қиыршық тастардан тегістеу жұмыстары жүргізілді. Шарт бойынша жұмыс аяқталды.
- «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша «Құттыбаев көшесінің автокөлік жолына орташа жөндеу» жұмысына «Дорстройматериал» ЖШС-мен құны 21 млн 146 мың 715 теңге құрайтын шарт жасалды. Қазіргі күнге фрезалық және қиыршық тастардан тегістеу жұмыстары жүргізілді. Шарт бойынша жұмыс жылы аяқталды.
- «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша «Байытушылар көшесінің автокөлік жолына орташа жөндеу» жұмысына «Құсайынжолы» ЖШС-мен құны 65 млн 968 мың теңге құрайтын шарт жасалды. Қазіргі күнге фрезалық және қиыршық тастардан тегістеу жұмыстары жүргізілді. Шарт бойынша жұмыс толық аяқталған жоқ.
- «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша «Ақмолда батыр көшесінің автокөлік жолына орташа жөндеу жұмысына «Құсайынжолы» ЖШС-мен құны 32 млн 480 мың теңге құрайтын шарт жасалды. Қазіргі күнге фрезалық және қиыршық тастардан тегістеу жұмыстары жүргізілді. Шарт бойынша жұмыс аяқталды.
- «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша «Ұлытау ауданы Жезді кентіне кіреберіс, Живов көшесінің жартысы және Кеншілер көшесінен Жезді кентінен шыға беріс автокөлік жолына орташа жөндеу жұмысына «Құсайын жолы» ЖШСмен құны 70 млн 672 мың теңге құрайтын шарт жасалды. Қазіргі күнге фрезалық және қиыршық тастардан тегістеу жұмыстары жүргізілді. 100 метр ыстық асфальт төселді. Шарт бойынша жұмыс толық аяқталған жоқ.
- Жер-кадастрлық жұмысына ЖК «Нұрасыл» құны 5 млн. 170 мың теңге құрайтын шарт жасалып, 27 нысанның құжаттары рәсімделді.
- «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша «Жезді кенті Құтымбетов көшесінің «Кенесары хан» алаңын ағымдағы жөндеу жұмысына «СМК Промстрой» ЖШС-мен құны 22 млн 400 мың теңге құрайтын шарт жасалды. Қазіргі күнге алаңда демонтаж жұмыстары жүргізілуде. Шарт бойынша жұмыс толық аяқталған жоқ.
- «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша «Жезді кентінің мәдени-сауықтыру орталығына күрделі жөндеу» жұмысы жүргізілуде.
- «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы бойынша «Жезді аралас мектеп интернаты ғимараты мен оқушылар үйінің 1-2 қабатына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді.
- «Қоқыс салатын жәшіктерді жасау» жұмысына «Инжу» ЖШСмен құны 3 млн 120 мың теңге құрайтын шарт жасалды. Қазіргі күнге жәшіктер жасалып, кент мекемелеріне таратылып берілуде.
- «Жезді кенті Сәтбаев көшесіндегі автокөлік көпіріне техникалық тексеріс жүргізу» қызметіне «Vector Build» ЖШС-мен құны 2 млн 780 мың теңге құрайтын шарт жасалды. Техникалық қорытынды жасалып, қаржы толық игерілді.
- «Сәтбаев көшесінің Жезді өзені арқылы өтетін су құбырлары және кәріз жүйелеріне ағымдағы жөндеу» жұмысына «СК Парламент» ЖШС-мен құны 18 млн 749 мың теңге құрайтын шарт жасалды. Қазіргі күнге ауыз су құбыры өзен арқылы толық тартылды. Кәріз жүйесін жаңадан айырбастау жұмыстары жүргізілуде. Шарт бойынша жұмыс толық аяқталды.
- №6 мектеп 35.000000 млн теңгеге жергілікті бюджеттен бөлініп ТОО «СК Парламен» спорт алаңы салынды.
- Мектеп интернатына республикалық бюджеттен 17000000 млн теңге бөлініп күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
- «Айгөлек» балабақшасына жергілікті бюджеттен 75000000 млн теңге бөлініп жылу қазандығы ауыстырылды.
Коммуналдық сала бойынша
Сәулеттендіру, көгалдандыру, күл-қоқыстарды тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Жеті сайын тазалық бейсенбілігі өткізіліп тұрады. Күзгі тазалық айлығы барысында 5 рет сенбілік өткізілді. Кент тұрғындары үйлерінің айналасын тазарту барысында 87 тонна күл-қоқыс, тұрмыстық қалдықтар өз қаржыларына шығарылды. Сенбіліктерде саябақтардың, монументтердің іштері, «Кенесары хан» ескерткіші, көше жолдарының маңайы тазаланды. Жыл басынан бері кентте 148 тал, 35 көшет отырғызылса, шіріген 56 тал кесілді.
Әлеуметтік сала бойынша
Жезді кенті бойынша 2020 жылы 58 адам аудандық жұмыспен қамту мекемесіне жұмыссыз ретінде тіркелді, оның 41-сі тұрақты жұмысқа тұрды. қайта даярлау бойынша 2-уі оқытылды. Қоғамдық жұмысқа 22 адам қатысты. Жастар тәжірибесі бойынша 5 жас маман қатыстырылды.
Жезді кентіндегі үйден көмек көрсету бөлімшесінде 6 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді, оның 1-уі мүгедек балалармен, 5-уі қарт адамдармен. Есепте тұрған балалар саны-3, ересектер саны-23.
Әлеуметтік қызметкерлер есепте тұрған мүгедек балалар мен ересектер арасында түрлі жұмыстар ұйымдастырады. Мысалға, сәуір – қараша айларында көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды, оған ата-аналар мен балалардың өз қолдарынан шыққан қол өнерлері мен суреттері қойылды. 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балалық шақтың бал күні» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Қарағанды қаласында өткізілген фестивальға 1 баланың қолөнер бұйымдары жіберілді.
Жезді кентінде 286 зейнетақы, 107 мүгедектік жәрдемақы алатын адам бар, оның ішінде: І топта-5, ІІ топта-62, ІІІ топта- 51 адам бар.
Кентімізде бүгінгі күні Алтын алқа және Күміс алқамен марапатталған 56 ана бар, оның алтауы жасы 50-ге дейінгі аналар.
Ішкі саясат саласы бойынша
Жергілікті қоғамдастық жиналыстарында түрлі мәселелер қаралады, оның ішінде кенттің арнайы есеп шотынан абаттандыру мен көркейту жұмыстарына қаржы бөлу, кенттің тазалығы т.б. Кент әкімінің қатысуымен жыл басынан бері 7 рет жиналыс, 7 рет кент тұрғындарымен жиын өткізілді. Кент бойынша қоғамдық саяси ахуал тұрақты.
Білім беру саласы бойынша
Жезді кентінде №6 орта мектеп және аралас мектеп-интернаттан жастар білім алуда. Бұл мектептерде 83 жоғары және арнаулы орта білімді мұғалімдер балаларға білім беруде. Екі мектепте оқитын жалпы оқушылар саны-442, оның ішінде №6 орта мектепте — 263, аралас мектеп интернатта-196 оқушы. Аралас мектеп-интернаттың жатаханасында жатып тәрбиеленіп оқып жатқан оқушы саны-36. Мектеп асханаларынан 39 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Мектепке дейінгі тәрбие
Кентімізде екі бала-бақша «Айгөлек» және «Таңшолпан» және «Балдәурен» шағын балалар орталығы мектепке дейінгі балалар тәрбиесімен жұмыс істеуде. Бұл бала-бақшаларда барлығы 73 адам жұмыс істейді, оның ішінде жоғары және арнаулы орта білімді — 34. Бүгінгі күнге «Айгөлекте» — 88, «Таңшолпанда» — 50 бала. Ал бала-бақша кезегінде тұрған бүлдіршіндер саны-15.
Мәдениет және спорт
Жезді кентінде 3 мәдени ошақ халыққа қызмет көрсетуде. Олар: Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі, мәдени-сауықтыру орталығы және 695 оқырманы, 41810 дана кітап қоры бар кітапхана.
Бұл мәдениет орталықтарында барлығы 65 адам, оның ішінде жоғары және арнаулы орта білімі бар 42 адам жұмыс істейді.
Мәкен Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі жыл басынан бері 400 экскурсия, 47 көрме, 65 лекция өткізілді. Музей көрмелері мен экскурсияларға, көпшілік шараларға 4939 адам қатысты.
2020 ж. 1 желтоқсанына музей қорының көрсеткіштері төмендегідей:
Барлық экспонат саны-18594, оның 15306-ы негізгі қор; 3288-і ғылыми-қосалқы қорды құрайды.
Жезді кентіндегі мәдени-сауықтыру орталығында 33 адам жұмыс істейді. 2020 жылға жоспарланған іс-шараның барлығы қашықтықтан өткізіліп, өз деңгейінде өтіп, көрермен қамтылды.
Мәдени сауықтыру орталығы нда 14 үйірме жұмыс істейді, оның ішінде: «Сыңғырлаған сазды әуен» ән, «Көркем» би, «Балдәурен» хор, «Көңілашар» драма үйірмелері жұмыс істейді. Осы үйірмелердің қатысуымен барлық мерекелік іс-шаралар өз деңгейінде жақсы өткізілуде.
Жастарымыздың спортпен айналысуына да жақсы жағдайлар жасалып отыр. МСО жанында спорттық кешен жұмыс істеп тұр. Осы спорттық кешеннің жүйелі дұрыс жұмыс істеуі арқасында жастарымыз республикалық, облыстық және аудандық жарыстарда жүлделі орындарға ие болуда.
Денсаулық сақтау
Кентімізде селолық аурухана жұмыс істеп тұр. Аурухана Жезді кентіне, Өрнек, Талдысай, Есқұла және Жезді кентінің маңайында орналасқан 10 елді мекендерге дәрігерлік көмек, профилактикалық егіп-емдеу, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында жұмыс істейді. Ауруханада 2 жоғары білімді дәрігер, 15 арнаулы орта буын медбибілер қызмет атқарады. Ауруханада 5 жалпы төсектік, 10 күндізгі төсектік бөлім жұмыс істейді. 2020 жылы ауруханада 120 сырқат емделіп шықты, оның ішіндегі балалар саны – 62. Күндізгі бөлімде 2020 жылы 230 сырқат емделіп алып шықты, оның ішінде бала саны — 92. Жалпы төсектік ауруханада емделетін сырқаттарға үш мезгіл тамақ берілді, кажетті төсек орнымен, құрал жабдықтармен қамтылды. 2020 жылы 632 мың 840 теңге тамаққа жұмсалды. 3 млн 27 мың 849 теңге дәрі-дәрмекке жұмсалды. Жезді селолық ауруханасы қазіргі күнге күрделі жөндеу жұмыстарын талап етеді.
Қоғамдық тәртіп
Жезді кентінің полиция бөлімшесінде 6 азамат қоғамдық тәртіпті сақтауда қызмет атқаруда. 2020 жылы кентімізде 178 қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар мен хабарламалар тіркелді. Оның 19 жайтына қылмыстық іс қозғалды, 15 жайт бойынша іс қысқартылды, 12 жайт бойынша хаттама толтырылды, 8 жайт бойынша шағымдану үшін сотқа жолданды, 5 жайт бойынша алкоголдік ішімдік ішкендерді емдеу мекемесіне жолданды. Қалған 30 жайт бойынша басқа да құзырлы органдардың қарауына жолданды. 146 әкімшілік хаттама толтырылды.
Өрт қауіпсіздігі және төтенше жағдайлардың алдын алу
2020 жыл кентіміздегі № 31 өрт сөндіру бекетінде әскери тәртіптегі 19 адам қызмет атқаруда. 2020 жылы өрт сөндіру автокөліктері өрт тактикалық сабақтарға-10 рет, есепке алынбаған өртке шығу — 16 рет шықты. Есепке алынған өрт -6 рет. Авариялық құтқару жұмыстарына – 1 рет. Дала өрті – 18 рет болып уақытында ауыздықталды.
Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша Жезді кентінде «Көктем 2020», «Қыс-2020» оқу-жаттығулар шаралары жүргізілді.
Байланыс және пошта қызметі
Жезді желілік байланыс бөлімшесінде 4 адам жұмыс істейді. Бұл бөлімше 519 жеке, 44 заңды тұлғаларға, 5 кәсіпкерге телефон байланысы, барлығы-568 (2018 жылмен салыстырғанда-106,3 пайыз) қызметін көрсетуде. Кентте талшықты кабельдік байланыс арқылы Мегалайн жұмыс істеп тұр. Бұл байланыс қызметін 350 абонент және осы байланыс арқылы 250 абонент сандық телехабар ID TV пайдаланып отыр. Кентте «Билайн», «Актив», «Kcell» ұялы байланыс жүйесі жұмыс істейді.
Кенттегі пошта бөлімшесінде 2 адам қызмет көрсетеді. Қазіргі кезде барлық жәрдемақылар, алименттер пошта арқылы беріледі. Тұрғындардың газет-журналдарын таратумен қатар әртүрлі төлемдерді қабылдаумен айналысады. Кент бойынша 458 дана газет, журналдарға жазылу жүргізілді. Қазақстанның барлық қалаларына теміржол билеттерін сатып алуға болады.
Ақсақалдар алқасының, аналар кеңесінің, медиаторлар жұмысы
Кентімізде ақсақалдар алқасы (төрағасы-Төрегелдин Рүстем), Аналар кеңесі (төрайымы-Камалова Қуаныш) жұмыс істейді. Кент әкімдігінің ғимаратында ақсақалдар алқасы мен аналар кеңесінің жұмыс істеулері үшін арнайы кабинет бөлінген.
Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен кентімізде көпбалалы, үй шаруашылығында отырған аналар түрлі іс-шараларға қатыстырылып отыр. Аналар кеңесі ұйымдастырып отырған іс-шаралардың басты мақсаты-зейнеткерлікте, үйде бала күтімімен жұмыссыз отырған әйелдердің қоғамдағы рөлін көтеру, белсенділігін арттыру.
2020 жылдың көктемгі шақырту кезеңіне әскери – есепке тіркеуді өткізу шарасына кенттегі 2004 жылы туылған 25 азамат аудандық тіркеу учаскесіне тіркелді.
Жезді кентінде жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Жастар кент тұрғындарының 26 пайызын құрайды.
Жезді кенті бойынша 2016- 2020 жылдарға арналған әр шаруашылық бойынша есепке алынатын 33 дәптер, шаруа қожалықтарын есепке алатын 1 дәптер ашылған. Бұл дәптерлерге жылына екі рет қажетті мәліметтер жазылып отырылады.
«Ұлытау ауданы Жезді кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша кіріс құжаттарын қабылдау және тіркеу, шығыс құжаттарын тіркеу және жіберу жұмысы уақытылы жүргізіліп отыр. Құжаттар айналымы бойынша 2020 жылы 357 кіріс хат және 563 шығыс хат тіркелді. Кент әкімінің 2020 жылы 61 дана «Негізгі Өкімі», «Әкімшілік –шаруашылық мәселелер бойынша» 50 дана Өкімі және 35 дана «Жеке құрам бойынша Өкімі» шықты.
Жеке тұлғалардан 21 өтініш түсіп, заң талабына сай жауап берілді.
2020 жылдың желтоқсан айына 1499 сайлаушы, оның ішінде №708 «Жезді» сайлау учаскесі бойынша 619 адам, №709 «Өрнек» сайлау учаскесі бойынша 653 адам, №710 «Абай» сайлау учаскесі бойынша 227 адам. Сайлау жұмыстарына байланысты құжаттар жүйелі түрде әзірленіп, аудан әкімі аппаратымен сайлаушылардың тізімі бойынша салыстыру жұмыстары жүргізілуде.