Баспаналы болды
Желтоқсанның соңында Жезді мен Қарсақбай кенттерінде қоныс тойы тойланды. Аудандық бюджеттің есебінен сатылып алынған бос тұрған үйлер жөнделіп, тұрғындар мен қызметкерлерге берілді.
Жезді кентінде аудандық бюджеттен 25 млн. теңгеге 5 үй сатып алынып, кенттегі көпбалалы аналар мен полиция қызметкеріне беріліп отыр. Осындай ілкімді істің арқасында көпбалалы аналарЖазира Тәшенова, Айдана Есқалиева, Уәзипа Түсіпбековаға және полиция қызметкері Ақтай Мұқан баспаналы болып, қоныс тойын тойлады.
Осындай қоныс тойы Қарсақбай кентінде де болды. Кентке көшіп келген екі мұғалімге үй беріліп отыр. Атап айтқанда, №15 Жамбыл Жабаев атындағы мектепке келген математика пәнінің мұғалімі Бауыржан Үсіп пен бастауыш сынып мұғалімі Ботагөз Талаповаға пәтер кілттері тапсырылды. Бұл баспаналар аудандық бюджеттен бөлінген 4 млн. теңгеге сатылып алынды.
Өз тілшімізден.
Суреттерді түсірген автор.