Бас жүлде – Кәусарда

Жақында Сəтбаев қаласындағы Сəкен Сейфуллин атындағы гимназияда республикалық деңгейде өтетін Ілияс Жансүгіров оқуларының облыстық іріктеу кезеңі өтті. Байқауда Ұлытау ауданы атынан бақ сынаған №2 Қорғасын орта мектебінің 8 сынып оқушысы Кəусар ҚҰРМЕТ Бас жүлдені жеңіп алды.

Аталған шараның мақсаты – мектеп оқушылары арасында Ілияс шығармаларын насихаттау, жеткіншектердің əдеби көркем шығармаға құштарлығын арттырып, эстетикалық талғамын қалыптастыру болды. Облыстық іріктеу кезеңіне облыс аумағындағы мектептерден 8-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау үш аталымнан болды. Байқау ережесіне сəйкес «Ілияс – сөз шебері» бағыты бойынша Кəусар Құрмет прозалық жанрда Ілияс шығармаларын мəнерлеп оқыды. Қорытындысында жеңімпаз атанып, мамыр айында Астана қаласында өтетін республикалық конкурсқа жолдама алды.

Жеңімпаз шəкірттің жетекшісі – Кенжебала Байдулатова. Анасы – Бибігүл Шабанова – ол да қазақ тілі мен əдебиет пəнінің мұғалімі. Осындай ортадан білім-тəрбие алған шəкірттің биіктен көрінетін реті бар. Бүлдіршін кезінен поэзияға, прозаға жақын болып өсті. Бұл оның алғашқы жетістігі. Кəусардың алар асуы алда. Тілкөзден сақтасын!

Қайрат ЖҰМАБАЙ