Басқармада — жаңа басшы
Дархан Қабылдашұлы МҰҚАН Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Дархан Қабылдашұлы 1988 жылы туған.
2009 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, 2021 жылы Ө.А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бітірген. Мамандықтары: «Филология», «Құқықтану».
2009 жылдан 2021 жылға дейін «Сарыарқа» газетінің редакциясы» ЖШС бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары содан директоры болып жұмыс істеді.
2021-2022 жылдары – Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы, сектор меңгерушісі.
Бұған дейін «Қазақмыс Холдинг» ЖШС қоғаммен байланыс және коммуникациялар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі қызметін атқарған.