Басқармада – жаңа басшы

Виктория Александровна Ставицкая Ұлытау облысының экономика басқармасының басшысы болып тағайындалды.

1972 жылы 30 сәуірде Ұлытау ауданы Қарсақпай кентінде дүниеге келген.

1990 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын, 2001 жылы О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін бітірген. Мамандықтары: «Мемлекеттік бюджет», «Экономика және менеджмент».

Еңбек жолын 1990 жылы Никольск мемлекеттік сақтандыру инспекциясында II санатты инспектор болып бастаған. Сәтбаев қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде, Сәтбаев қаласының қаржы бөлімінде, Жезқазған қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде, Жезқазған қаласының экономика және қаржы бөлімінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Бұған дейін Ұлытау облысының қаржы басқармасының басшысы қызметін атқарған.