Банкомат арқылы ақша салу қиындай түспек

Қазақстанда анонимді транзакцияларға тосқауыл қою үшін енгізілетін шаралар:
картаға 500 мың теңгеден артық ақша салатын болса, алушының ғана емес енді жіберіп жатқан адамның да ЖСН нөмірін көрсету міндеттеледі.

Қосымша ретінде операцияны SMS арқылы растау мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

• 1 қаңтардан бастап банкоматтардағы бейнебақылау жазбалары 180 күн сақталады. Бұл күдіктіні анықтауға мүмкіндік береді;

• биометриялық сәйкестендіруді (бет әлпетін немесе саусақ іздерін тану) енгізілуі жайы да қарастырылуда.