Балаларға қамқорлық – ел ертеңіне қамқорлық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ халыққа Жолдауы, қуанышты жаңалықтарға толы, тарихи құжат. Соның бірі болашақ иесі балаларға қамқорлық.
Жолдауда «əрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек. Сондықтан мен жариялаған Балалар жылының аясында «Ұлттық қор балаларға» атты мүлдем жаңа бағдарламаны жүзеге асыру өте маңызды деп санаймын. Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызын балалардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударуды ұсынамын. Əр бала 18 жасқа толғанша аударылып тұрады. Оны мерзімінен бұрын есепшоттан шығарып алуға болмайды» делінген. Жинақталған қаржы бала кəмелеттік жасына толғаннан бастап алып, қажетіне жұмсайды. Мемлекет басшысы бұл жобаны 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүзеге асыруды тапсырды.
Міне, бұл балаларға жасалып отырған үлкен қамқорлық, халықты қуантатын жақсы жаңалық. Мен республиканың барлық халқы сияқты жолдауды қолдаймын.
Сұлу БАЛДУОВА,
жас ана.