Бала құқығы – басты құндылық
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті (бұдан əрі – Департамент) заңнамаға сəйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уəкілетті орган болып табылады.
Департамент өз құзыреті шегінде азаматтарға бірінші кезекте əлеуметтік маңызы бар жəне неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде мемлекеттік органдардың заңнама талаптарын сақтауына тұрақты негізде талдау жəне мониторинг жүргізеді.
Мəселен, Жезқазған қаласында сұранысқа ие қызметтердің қатарына балаларды мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке қою жəне қабылдау жатады.
Мектепке дейінгі ұйымдар мемлекеттік қызметтердің аталған түрлерін «ИНДИГО24. кз» ақпараттық жүйесі арқылы азаматтардан құжаттарды қабылдау арқылы электрондық форматта көрсетеді.
Бүгінгі таңда Жезқазған қаласында 27 мектепке дейінгі ұйым, оның ішінде 14 мемлекеттік, 4 жекеменшік балабақша жəне 9 шағын орталық жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға қабылдау үшін кезекте тұрған бала саны – 2 973.
Департаментпен жүргізілген талдау барысында балабақшаларға орын бөлу кезінде мектепке дейінгі ұйымдардың заңнама талаптарын бұзғандығы анықталды.
Жезқазған қаласының білім бөлімі заңнамада көзделмеген жеке функционалды «ИНДИГО24.кз» ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы, қаланың мектепке дейінгі ұйымдарына осы ұйымдар қызметкерлерінің балалары кезектен тыс қабылданғаны анықталды.
Департаменттің ден қою шараларының нəтижесінде мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін балалардың кезегі қалпына келтірілді, бос орындар заң талаптарына сəйкес қайта бөлінді. Осылайша, балабақшаларға жіберу үшін ұзақ уақыт кезекте тұрған 39 мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейінгі) баланың құқықтары қалпына келтірілді.
Департаментпен енгізілген ұсынымдардың нəтижесінде 13 лауазымды тұлға тəртіптік жауапкершілікке тартылды.
Қаланың барлық мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың бұзылуына жол бермеу бойынша профилактикалық іс-шаралар өткізілді.
Роман КИМ,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысы, Əдеп жөніндегі кеңес төрағасы.